Сайт бойынша іздеу
Академия тәрбиеленушілері Көкшетау көрермендерінің ықыласына бөленді

Өткен сенбі күні Қазақ ұлттық хореография академиясының тәрбиеленушілері Көкшетау қаласына гастрольдік сапармен барды. Ақмола облыстық филармониясының Ү. Ыбырай атындағы сахнасында Республика күніне арналған концерт өтті.

Болашақ әртістерді қала тұрғындары дәстүрлі билер, шашу шашып және жылы сөздермен шын жүректен қарсы алды. Филармонияның фойесінде «Мәдениет саласының үздігі» атанған Гүлмира Ордабаева жетекшілік ететін «Гәкку» ансамблінің ерекше сюрпризі – «Той бастар» биінің қойылымы болды, ол мерекелік көңіл-күйді бүкіл күнге орнатты.

Концерттік бағдарламаға Д. Шостакович, И. Бахтың музыкасына классикалық хореография, Қазақстан, Әзірбайжан, Польша, Моңғолия халықтарының ұлттық билері, сондай-ақ Э. Пресли әндерінің попурриіне латина және М. Джексон мен Д. Вашингтонның музыкасына арналған заманауи қойылымдар енді. Нөмірлердің бірін танымал қытайлық хореограф Шан Гао қойды.

Әрбір өнер көрсетілімі көрермендердің ерекше қошеметіне бөленді. Жас бишілердің шынайылығы, кәсіби шеберлігі көпшіліктің жүрегін жаулап, залда бірнеше рет «Браво!» деген қошемет сөздер жаңғырып тұрды. Концерттің финалы ерекше әсермен өтті — бүкіл зал орнынан тұрып, ұзақ уақыт ду қол шапалақтады.