2020 жылғы 14 ақпанда «Nur Otan» партиясының Орталық аппаратының ғимаратында «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Е.С. Бейсенбаевтың Нұр-Сұлтан қаласындағы жоғары оқу орындарының Жастар істері жөніндегі комитеттерінің басшылары және көшбасшыларымен кездесуі өтті.
Іс-шараға елордалық жетекші жоғары оқу орындарының білім алушыларымен қатар Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері де қатысты. Олар Жастар істері жөніндегі комитеттің белсенділері – «Режиссура хореографиясы» мамандығының 1 курс бакалавриат студенті Серікбай Арман, сондай-ақ «Арт-менеджмент» мамандығының 1 курс бакалавриат студенті Саду Бекарыс.
Кездесудің мақсаты «Jas Otan» жастар қанатының жоғары оқу орындары және колледждермен өзара іс-қимыл жасау мәселелерін, сонымен қатар бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігін талқылау болды.