Сайт бойынша іздеу
Академия студенттерінің Сапарбек Жақсылықпен кездесуі

2026 жылғы 26 қаңтарда Қазақ ұлттық хореография академиясында видеограф әрі ҚР Президентінің Телерадиокешені қызметкері Сапарбек Жақсылықтың «Арт-менеджмент» және «Креативті арт-индустрия» білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған қонақ дәрісі өтті.

Кездесу барысында студенттер Президенттің әлеуметтік желілеріне арналған креативті контентті әзірлеудің ерекшеліктері, сондай-ақ саяси саладағы имидждік материалдармен жұмыс істеудің өзіндік қырлары туралы алғашқы дереккөзден мағлұмат алды.

Спикер Мемлекет басшысының ресми парақшасын жүргізу, саяси ортадағы кәсіби жұмыс ерекшеліктері және өз өмірлік жолы — мамандықтағы алғашқы қадамдарынан бастап практикалық кеңестерге дейін баяндап өтті.

Дәріс тыңдаушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, «сұрақ–жауап» форматындағы белсенді пікірталаспен аяқталды.