2026 жылғы 16 сәуірде Қазақ ұлттық хореография академиясы конференц-залында Ғылым апталығы – 2026 аясында «Қазақстанның креативті индустрияларының экожүйесі: ШОБ орны, институционалдық кедергілер және даму нүктелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараны Академияның ғылыми жұмыс және стратегиялық даму жөніндегі директоры, философия ғылымдарының докторы, профессор Жанна Жеңісқызы Толысбаева ашып, креативті индустрияларды кешенді зерттеудің заманауи ғылыми және экономикалық дамудағы маңызын атап өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына зерттеушілер, сарапшылар қауымдастығының өкілдері және креативті сектор практиктері қатысты. Бағдарламада саланың теориялық аспектілерімен қатар, қолданбалы мәселелерге арналған баяндамалар ұсынылды.
Кездесу барысында келесі баяндамалар тыңдалды:
Іс-шараның жеке бөлігінде ғылыми зерттеу аясында дайындалған монография мен оқу басылымдарының тұсаукесері өтті.
Талқылау барысында қатысушылар Қазақстандағы креативті сектордың тұрақты өсімін атап өтіп, оның дамуына шағын және орта бизнестің маңызды рөл атқаратынын айтты. Сонымен қатар инфрақұрылымды дамыту, қаржыландыру тетіктерін жетілдіру және креативті индустриялардың экономикаға қосқан үлесін бағалаудың бірыңғай әдіснамасын қалыптастыру қажеттілігі сияқты институционалдық кедергілер де көтерілді.
Ерекше назар продюсерлік құзыреттерді дамытуға, ел ішіндегі монетизация мүмкіндіктерін кеңейтуге, сондай-ақ таланттар мен креативті капиталдың шетелге кету мәселесіне аударылды.
Іс-шара «еркін микрофон» форматымен қорытындыланып, қатысушылар пікір алмасып, Қазақстанның креативті индустрияларын одан әрі дамыту бойынша практикалық ұсыныстар ұсынды.