Сайт бойынша іздеу
Рим би академиясының ұстаздарымен сабақ

​Ү.ж. 19 сәуірден 5 мамыр аралығында Рим қаласының ұлттық би академиясы (Италия) Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері үшін ERASMUS + жобасы аясында Graham техникасы бойынша онлайн курс өткізеді. Сабақтар ZOOM платформасында аптасына 2 рет сағат 17:00-ден 18:30-ға дейін өткізіледі. Студенттерге арналған курсты Рим би академиясының профессоры Франческа ля Кава және концертмейстер Флавио Перкосолидо өткізеді. Барлық сабақтар аяқталғаннан кейін дәрістерді қалдырмай қатысқан қатысушылар курстан өткені туралы сертификат алады.

Тіркелу үшін халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласу керек, тел.: 79-08-55.