2025 жылғы 16 сәуірде Science Café алаңында Ғылым апталығы – 2025 аясында «Үздік арт-жоба» байқауы өтті. Байқауда тарихи жады, бейбітшілікті сақтау, мәдени бірегейлік және уақытты қабылдау тақырыптарын қамтитын түпнұсқалық көркемдік тұжырымдамалар ұсынылды.
Іс-шара студенттер мен олардың ғылыми жетекшілерін біріктіріп, ғылыми көзқарас пен көркем ойлауды визуалды және концептуалды жобалар форматында ұштастырды. Қатысушылардың жұмыстары терең мазмұнмен, әлеуметтік бағыттылығымен және инсталляциялар мен визуалды сторителлингтен бастап әлеуметтік мәні бар креативті тұжырымдамаларға дейін көркемдік формалардың әр алуандығымен ерекшеленді.
Байқауға «Арт-менеджмент» білім беру бағдарламасы (бакалавриат) бойынша білім алушылар қатысты. Олар заманауи өнер құралдары арқылы соғыс, жады, ұрпақтар сабақтастығы және әділетті әлемге ұмтылу тақырыптарын көркем тұрғыда зерделеген авторлық жобаларын ұсынды.
Ұсынылған жобалар тың идеяларымен, өзектілігімен және көркемдік мәнерімен жоғары бағаланды. Әр жоба – зерттеу жұмысының нәтижесі ғана емес, авторлардың өткенге, бүгінге және болашаққа қатысты жеке көзқарастарының көрінісі болды.
Байқау жастардың өнер мен ғылым саласындағы бастамаларының әлеуеті зор екенін көрсетті. Бұл бастамалар мәдени диалогты дамытуға және қоғамда гуманистік құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға, ғылыми жетекшілерге және көрермендерге жобаға көрсеткен қызығушылығы мен өнер саласындағы пәнаралық зерттеулердің дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді.