2026 жылғы 17 қыркүйекте Қазақ ұлттық хореография академиясында «Өзгерістер уақыты» атты семинар-тренинг өтті. Іс-шараны Профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімі Астана қаласы әкімдігінің №3 қалалық емханасына қарасты «Жас толқын» жастар денсаулық орталығымен бірлесіп, 15–17 жас аралығындағы бірінші курс студенттеріне арнап ұйымдастырды.
Тренингтің мақсаты — үрей деңгейін төмендету, оқу топтарын ұйымшылдыққа баулу, өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын дамыту және тиімді командалық өзара іс-қимылды қалыптастыру.
Интерактивті тапсырмалар барысында бірінші курс студенттері креативті және логикалық ойлау қабілетін дамытып, ортақ қызығушылықтар тапты, сондай-ақ нәтижелі қарым-қатынас жасауды үйренді.
Кездесу соңында студенттер алған әсерлерімен бөлісіп, психологтардан жеке кеңестер алды.