28 қыркүйекте Қазақ ұлттық хореография академиясында жаңа оқу жылындағы Студенттік ғылыми қоғамның (СҒҚ) алғашқы отырысы өтті. Кездесу таныстыру сипатында өтіп, қатысушылар бір-бірімен танысты, қоғам қызметінің негізгі бағыттарын талқылады, СҒҚ-ның 2026–2027 оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен, сондай-ақ СҒҚ қызметіне қатысқаны үшін Platonus жүйесінде GPA балдарын есептеу тәртібімен танысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі СҒҚ төрағасын сайлау болды. Төрағалыққа «Арт-менеджмент» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Диана Хусаинова және «Арт-менеджмент» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Алия Балпанова өз кандидатураларын ұсынды. Кандидаттар өздерін таныстырып, қызығушылықтары, жетістіктері және Студенттік ғылыми қоғамның жұмысына қатысты өз көзқарастары туралы баяндады.
Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша «Арт-менеджмент» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Диана Хусаинова СҒҚ төрағасы болып сайланды.
Отырыс барысында Студенттік ғылыми қоғамның құрамы да бекітіліп, оның құрамына Академияның 32 студенті енді.
Диана Хусаинованы СҒҚ төрағасы болып сайлануымен құттықтаймыз және оған жемісті жұмыс, қызықты жобалар мен студенттік ғылымды дамыту жолында жаңа жетістіктер тілейміз!