2023 жылғы 22 қарашада 7 және 8 сынып оқушыларына профилактикалық ақпараттық-түсіндіру дәрісі өткізілді. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша дәрісті ювеналды полиция инспекторы А. С. Құдайбергенова өткізді. Құқық бұзушылықтарды ақпараттандыру және алдын алу мақсатында ҚР Әкімшілік кодексінің және ҚР Қылмыстық кодексінің баптары түсіндірілді.