2026 жылғы 9-14 қаңтар аралығында Қазақ ұлттық хореография академиясында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің профессор-оқытушылар құрамына, сондай-ақ кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің оқытушыларына арналған «Қысқы мектеп» жобасы өтті.
2026 жылғы 9 қаңтарда «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі №194 бұйрығына «Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын бекіту туралы» енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы» тақырыбында дәріс оқылды. Қатысушыларға 2024 жылдан бастап сынып сағаттары, қауіпсіздік сабақтары, әлеуметтік жобалар мен оқыту іс-шаралары арқылы іске асырылатын «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасының мақсаттары мен мазмұны түсіндірілді.
Сол күні мектеп-колледж педагогтеріне арналған коммуникативтік дағдыларды, сенім мен командалық жұмысты дамытуға бағытталған «Ұжымдағы тиімді қарым-қатынас» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Жоғары оқу орны және мектеп-колледж оқытушылары үшін 2026 жылғы 12 қаңтарда «Metapsychology» халықаралық психология және даму орталығының серіктестері өткізген «Менталдық денсаулықты дамытудың негізгі құралдары» атты семинар-тренинг өткізілді. Қатысушылар эмоционалдық гигиена, күйзелістің алдын алу және өз жағдайын басқару тәжірибелерімен танысты.
«Қысқы мектеп» жобасының жалғасы ретінде 2026 жылғы 13 қаңтарда оқу процесін ұйымдастыруға қатысты нормативтік құжаттардағы өзгерістер бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 47-бабының 17-2-тармағына енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірмелер жүргізілді. Сондай-ақ, Академияның жоғары оқу орындарының Ұлттық рейтингісіне қатысу нәтижелері мен институционалдық және мамандандырылған аккредиттеуге дайындық мәселелері бойынша презентация ұсынылды.
Сонымен қатар, жеке бір бөлім білім беруде жасанды интеллектіні қолдануға арналды. Александр Пягай «Оқу процесінде жасанды интеллект технологияларын пайдалану» тақырыбында презентация жасап, HeyGen және Gemini мысалдарында жасанды интеллектінің оқу материалдарын дайындауды, визуализация мен коммуникацияны қалай жылдамдата алатынын көрсетті. Case-study әдісін қолдану тәжірибесімен Жаухар Кожантаева бөлісті. Сондай-ақ, ол кейс әзірлеудің кезеңдері мен шарттарын айтып, кейсті шешу бойынша жауап құрылымын сипаттады. Жас оқытушы Айтгүл Азамат NotebookLM платформасын пайдалану алгоритмі туралы ақпаратпен бөлісті. Риза Ахитова білім беруде жасанды интеллектіні қолдану бойынша шолу жасап, бұл технологиялардың деректерді талдау, процесстерді автоматтандыру, оқытуды жекелендіру және білім беру ортасында зияткерлік цифрлық құралдарды жасау үшін қалай қолданылатынына ерекше назар аударды. Қорытынды презентацияда Диана Агзамова хореографиялық тапсырмаларды құруда жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктері мен нейрожелінің тапсырманы дәл әрі сапалы генерациялауы үшін сауатты әрі нақты сұраныс құрастырудың маңыздылығы туралы баяндады.
«Қысқы мектеп» жобасының соңғы күні – 2026 жылғы 14 қаңтарда кітапхана қызметкерлері «Оқуды насихаттаудың белсенді әдістері» атты іс-шаралар өткізіп, «Book Bingo» және «Өз тарихыңды құрастыр» интерактивті ойындарын ұйымдастырды. Сондай-ақ ZOOM платформасы арқылы ЭБС өкілі Юлия Лаврентьеваның қатысуымен «Университеттік онлайн кітапхана» электрондық кітапхана жүйесімен жұмыс істеу бойынша оқыту семинары өткізілді.