2026 жылдың ақпан айында Қазақ ұлттық хореография академиясында сталкинг пен кибербуллингтің алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
2026 жылғы 26 ақпанда Академия психологтары «Жеке бостандық құқығы: құқықтық негіздер және зорлық-зомбылық, сталкинг пен некеге мәжбүрлеу үшін жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға Есіл ауданы Полиция басқармасының бөлім қызметкерлері шақырылды: Есіл ауданы отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Рабиға Мукушева, Есіл ауданы ПБ отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Жанар Молдабаева, сондай-ақ «Қорғау» дағдарыс орталығының психологы Кристина Дроздецкая қатысты.
Сарапшылар қорғаудың құқықтық негіздері мен зорлық-зомбылық, қудалау және некеге мәжбүрлеу үшін қарастырылған жауапкершілік туралы түсіндіріп, зорлық-зомбылықтың негізгі түрлерін және құқықтар бұзылған жағдайда әрекет ету алгоритмін атап өтті.
Алдын алу мәселелеріне, уәкілетті органдарға жүгіну тәртібіне және психологиялық көмек алу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды. Талқылау барысында студенттер өзекті сұрақтарына жауап алып, жеке бостандық, құрмет және қауіпсіздік мәселелері бойынша саналы ұстаным қалыптастырды.
Сонымен қатар өнер факультетінде «Кибербуллинг және онлайн-сталкинг» тақырыбында екі іс-шара өтті.
Куратор Алма Касымованың жетекшілігімен өткен пікірталас кездесуде «Арт-менеджмент» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері цифрлық агрессияның өзекті мәселелерін, жеке шекараны сақтау және интернет кеңістігіндегі жауапкершілік деңгейі мәселелерін талқылады. Талқылау барысында білім алушылар саналы азаматтық ұстаным танытып, дәлелді пікірталас жүргізу, сыни ойлау және үйлесімді командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.
Куратор Балабек Сақтағановтың жетекшілігімен өткен пікірталаста «Арт-менеджмент» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері цифрлық зорлық-зомбылық мәселелерін, жеке шекара мен онлайн кеңістіктегі жауапкершілік тақырыптарын талқылады. Қатысушылар белсенді азаматтық ұстаным, өз пікірін дәлелді қорғау және командада тиімді жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті.
Аталған іс-шаралардың мақсаты – тұлғаның құқықтық қорғалу тетіктерін талқылау және адам құқықтарының бұзылуының алдын алу.