Қазақ ұлттық хореография академиясының 5-7 сынып оқушылары наурыз айында коммуникативтік тренингке қатысты.
Тренингтің мақсаты – академия тәрбиеленушілерінің коммуникативтік құзыреттілігін дамыту. Тренинг барысында эмпатияны дамытуға, ынтымақтастық қабілетін қалыптастыруға, эмоцияларды экологиялық тұрғыдан білдіре білуге бағытталған ойындар мен жаттығулар қолданылды. Тренинг позитивті атмосферада өтті.