2025 жылдың 13-31 қазан аралығында кәсіптік білім беру мектеп-колледжінің 5-7 сынып оқушылары арасында буллингтің алдын алу мақсатында «Біз бәріміз әртүрліміз - бәріміз теңбіз» тақырыбында тәрбиелік бағыттағы профилактикалық сабақтар өткізілді.
Іс-шаралар оқушылардың буллинг ұғымын тереңірек түсінуіне, оның түрлері мен қатысушыларын ажырата білуіне ықпал етіп, өзара құрметке, жанашырлыққа және сындарлы қарым-қатынас орната білу қабілеттерін дамытуға бағытталды.
Сабақ барысында оқушылар тақырыпқа сәйкес бейнематериалдарды тамашалап, өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, түрлі жаттығулар мен тапсырмалар орындады. Бұл тапсырмалар оқушылардың өзін-өзі тануына, ұжымдағы қарым-қатынасын бағалауға және өз әрекеттеріне сыни көзбен қарауына мүмкіндік берді. Қатысушылар буллингтің алдын алу жолдарын қарастырып, өзгелерге қолдау көрсетудің маңыздылығы туралы ой өрбітті.
Аталған тренингтер мектеп ортасындағы жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруға, оқушылардың бір-біріне деген құрметі мен сенімін арттыруға ықпал етеді. Осындай шаралар арқылы әр бала өзін қауіпсіз ортада, қолдау мен түсіністікке ие тұлға ретінде сезіне алады.