Сайт бойынша іздеу
Моисеев Евгений Сергеевич
Аға оқытушы
ҚҰРМЕТТІ АТАҚТАРЫ, МАРАПАТТАРЫ
ҒЫЛЫМИ АТАҒЫ/ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕСІ

академиялық дәреже: өнертану ғылымдарының магистрі

БІЛІМІ
  • 2007-2011 ж. Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы. (бакалавр) Алматы қ.
  • 2012-2015 ж. Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы (өнертану ғылымдарының магистрі) Алматы қ.
шығармашылық белсенділік

Хореограф, педагог және Қазақстан Республикасы Спорттық би федерациялары қауымдастығының төрешісі.

Бал биінің лексикасын қолдана отырып, 21-ден астам хореографиялық қойылымның авторы. Астанада «Bolashak Charity» қоғамдық қорымен, Maqsut Narikbayev University және University Medical Center бірлесе отырып өткізілген 13 қайырымдылық балының хореографиясын жасаушы. 2024 жылы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында хореограф болды.

Шәкірттері Франция, Италия, Ресей, Украина, Өзбекстан және Қазақстандағы халықаралық байқаулардың Гран-при иегерлері және жүлдегерлері. Қазақстанда, Ресейде және Таиландта бал биі бойынша шеберлік сыныптары өткізді.

ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ

21 жарияланымдар, 1 авторлық курс, 3 әдістемелік ұсыным, 5 авторлық құқық сертификаты

ҚҰРМЕТ ГРАМОТАЛАРЫ/АЛҒЫС ХАТТАР
  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы, А. Райымқұлова (2019 ж.);
  • ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасы, Д. Абаев (2022 ж.);
  • Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры А. Асылмұратованың алғыс хаты (2018, 2022);
  • ҚР АФСТ президенті Қ.М. Байжановтың алғыс хаты (2021 ж.);
  • «Болашақ» корпоративтік қорының алғыс хаты, Д. Гаплан (2023 ж.);
  • ҚР Ішкі істер органдары Медиа орталығы бас директорының алғыс хаты, Л. Жакупова (2023 ж.);
  • Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Б.Н. Нүсіпжанованың Республикалық пәндік олимпиаданың ұйымдастыру комитетіндегі жұмысы үшін алғыс хаты (2023 ж., 2024 ж.);
  • «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.
  • ҚР спорттық би федерациялары қауымдастығының төрешісі, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Тәуелсіздік ұрпағы» жобасының жеңімпазы,
  • Қазақстан халқы Ассамблеясының шығармашылық ұжымдар қауымдастығы төрағасының орынбасары.