Сайт бойынша іздеу

Хореография академиясының кәсіптік білім беру мектеп-колледжіне «Балет әртісі» біліктілігінің «Хореография өнері» мамандығы бойынша (5-сыныпқа) түсетін балалар бірінші кезекте алдын ала іріктеуден өтеді, онда хореографиялық пәндердің жетекші оқытушылары табиғи кәсіптік деректердің, физикалық деректердің деңгейін бағалайды, оқыту перспективасы және баланың дамуы бойынша ұсыныстар береді. 

5-сыныпқа Қазақстанның барлық өңірлерінен балалар қабылданады.

Алдын ала іріктеу келесі форматтарда өтеді:

  • Хореография академиясында балалардың табиғи кәсіби (функционалдық) деректерін визуалды көру және тексеру. Академияда іріктеу аптасына екі рет кестеге сәйкес алдын ала жазылу бойынша 5 сыныпқа түсетін және Астана қаласында тұратын балалар үшін жүргізіледі.
  • Қазақстан Республикасының өңірлерінде көшпелі комиссияның балалардың табиғи кәсіби (функционалдық) деректерін (4-сынып оқушылары үшін) визуалды көруі және тексеруі.

Алдын ала іріктеуден өткен талапкерлер Астанада өтетін қабылдау емтихандарына қатысуға жіберіледі. Академияға білім алушыларды қабылдау табиғи деректері, дене бітімі бар тұлғаларды анықтау мақсатында конкурстық негізде жүргізіледі. Оқуға түсетін балалар алдын ала іріктеуден тек бір рет өтеді, балаларға іріктеуден қайта өтуге рұқсат етілмейді.

Алдын ала іріктеуге 9-11 жас аралығындағы балалар қатысады. Алдын ала іріктеу наурыз айынан маусым айының аяғына дейін өткізіледі.

Алдын ала іріктеу комиссиясының құрамы баланың табиғи кәсіби деректер деңгейін, морфофункционалдық ерекшеліктерін бағалайтын және оқу келешегі бойынша ұсынымдар беретін хореография пәндер оқытушыларынан тұрады.

Комиссия табиғи деректер мен кәсіби қабілеттерді келесі критерийлер бойынша анықтайды және бағалайды:

  • дене бітімі (жалпы сипаттама);
  • болашақ әртістің сыртқы келбеті және сахналық келбеті (дененің физиологиялық үйлесімділігі, сыртқы келбеті);
  • аяқтың айналымдылығы (сыртқа қарату);
  • көтерілу;
  • қадам;
  • иілгіштік;
  • секіру.

Академияда алдын ала іріктеуге қатысатын балалардың киім формасы: сыртқы киімі ата-аналарының қалауына қарай, қыздар үшін – дене түсті іш киім, ұлдар үшін қара іш киім.  Қыздар шаштарын түйіп қояды.

Оқуға түсетін бала алдын ала іріктеуден өткенде келесі позициялар бойынша бағаланады:

Жалпы көрініс, №1 фото (бойымен түскен фото)

• камераға қарап, жаймен түрегеп тұру;
• аяқтың арасын 1-2 см алшақ ұстап, бір-біріне паралель қою;
• қолды дене бойымен бірге қою.

Жалпы көрініс, №2 фото (бойымен түскен фото)

• камераға арқасымен, жаймен түрегеп тұру;
• аяқтың арасын 1-2 см алшақ ұстап, бір-біріне паралель қою;
• қолды дене бойымен бірге қою.

Бүктелу, №3 фото

• камераға қырынан түрегеп тұру;
• аяқты тізеден созу;
• аяқты бүкіл денесімен қысу.

Бүктелу, №4 фото

• еденде камераға қырынан қарап отыру;
• аяқты тізеден созып, еденге жабыстыру;
• аяқ табандарын алға созу;
• бүкіл денесімен аяқты қысу.

Табан, №5 фото

• еденде камераға қырынан қарап отыру;
• аяқты тізеден қатты созу (өкше еденге тимеу қажет);
• табанды алға созу (аяқ саусақтарын еденге тигізуге тырысу).

Табан, №6 фото

• камераға қарап түрегеп тұру;
• тірейтін аяқ сыртқа қарайды, екінші аяқтың ұшын келесі жаққа созу (табанды барынша созу);
• екі аяқтың тізесін барынша созу;
• бір қолымен тіректен ұстап тұруға болады (орындық, үстел және т.б.)

«Бақа», №7 фото

• камераға қырымен орналасу;
• етпетімен жатып, аяқты тура бұрышпен бүгу (90 градус);
• аяқ саусақтары бірге қосылған;
• бөксені, тізе мен табанды барынша еденге тигізу.

«Бақа», №8 фото (жоғары)
  • камераға қырымен орналасу;
  • арқасында жатып, аяқты тура бұрышпен бүгу (90 градус);
  • қолды екі жаққа ашып жату;
  • аяқ саусақтары бірге қосылған;
  • тізе мен арқаны (бел) барынша еденге тигізу;
«Бақа», №9 фото (орташа)
  • камераға қырымен орналасу;
  • арқасында жатып, аяқты 45 градус бұрышпен бүгу (ромб);
  • қолды екі жаққа ашып жату;
  • аяқ саусақтары бірге қосылған;
  • тізе мен арқаны (бел) барынша еденге тигізу;
«Бақа», №10 фото (төменгі)
  • камераға қырымен орналасу; 
  • арқасында жатып, аяғын сәл бүгу (ұзартылған ромб);
  • қолды екі жаққа ашып жату;
  • аяқ саусақтары бірге қосылған;
  • тізе мен арқаны (бел) барынша еденге тигізу;
Аяқты сыртқа қарату, №11 фото
  • камераға қырынан тұру;
  • өкшені еденнен көтермей, барынша отыру;
  • тізе екі жаққа, барынша сыртқа қаратылған;
  • денені түзу ұстау;
  • тіректен ұстап тұруға болады (орындық, үстел, балет білдегі және т.б.).
Аяқты сыртқа қарату, №12 фото
  • арқасында жатып, камераға қырымен орналасу;
  • арқаны (бел) барынша еденге тигізу;
  • аяқтар тізеден созылған, барынша сыртқа қаратылған;
  • табандар қысқартылған және екі жаққа қаратылған, барынша сыртқа қаратылған;
  • табан өкшелері бір-біріне тығыз жабысып тұру қажет.
«Көпір», №13 фото

• камераға қырынан тұру;
• қолды еденге қойып, артқа бүгілу;
• арқаның иілгіштігін көрсетіп, аяқ пен қолды барынша жақындату.

Қадам, №14 фото

• камераға қарап түрегеп тұру;
• тірейтін аяқ сыртқа қарайды, екінші аяқты ассистенттің көмегімен барынша жоғары, сыртқа қаратып созу (табанды барынша созу);
• екі аяқтың тізесін барынша созу;
• денені қисайтпай тік ұстау;
• бір қолымен тіректен ұстап тұруға болады (орындық, үстел және т.б.).

Бойлық шпагат, №15 фото
  • камераға қырымен орналасу;
  • сол немесе оң аяқпен шпагатқа отыру.
Көлденең шпагат, №16 фото
  • камераға қырымен орналасу;