Сайт бойынша іздеу
Білім беру бағдарламасы туралы

6В02109 «Креативті арт-индустрия» білім беру бағдарламасы аясында өнер теориясының негіздерін терең меңгерген, креативті ойлау қабілеті жоғары, басқарушылық, цифрлық, жобалық және авторлық дағдыларға ие, тәжірибеге бағытталған бизнес-тәсілді қолдана алатын, сондай-ақ Қазақстанның еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандарға тән кәсіби құзыреттерді игерген жоғары білікті өнер бакалаврларын даярлау жүзеге асырылады.

Бағдарлама аясында білім алушылар міндетті кәсіби құралдарды меңгеруге бағытталған пәндермен қатар, жаңа медиа, медиаарт, фото және бейнеөнер сияқты креативті арт-индустриялардың сұранысқа ие бағыттарын оқиды. Бұл бағыттар IT және digital әлемімен тығыз байланысты. Бағдарлама цифрлық технологияларды, коммуникация мен менеджментті игеруді, сондай-ақ өнер теориясы мен тарихын терең зерттеуді қамтиды. Білім алушылар шығармашылық зертханалардың жұмысына белсенді қатысып, өз жобаларын әзірлейді. Бағдарлама нақты жобалармен өзара байланыста жүзеге асырылып, алынған білімді тәжірибеде қолдануға және бизнес-идеяларды дамытуға мүмкіндік береді. Оқыту үдерісі цифрлық ортаны белсенді пайдаланумен ұйымдастырылады, ал кәсіби портфолио арнайы цифрлық платформада орналастырылып, кері байланыс алуға, аудиторияның назарын аударуға және әзірленіп жатқан жобаларды ілгерілетуге жағдай жасайды.

  • жалпы орта білім негізінде (мектеп) – 4 жыл
  • техникалық және кәсіптік білім негізінде (колледж) – 4 жыл
Білім беру бағдарламасының мақсаты

Технологиялардың қарқынды дамуы және креативті индустриялардың цифрлық трансформациясы жағдайында дәстүрлі өнер түрлерін заманауи цифрлық ортаға тиімді бейімдей алатын мамандарды даярлау ерекше маңызды. Цифрландыру аудиториямен өзара әрекеттесудің, контентті жасаудың және таратудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, сондай-ақ виртуалды және толықтырылған шынайылық, цифрлық көрмелер мен интерактивті жобалар сияқты өнердің бірегей жаңа формаларының дамуына жол ашады. Білім беру бағдарламасы өнер, технология және бизнес тоғысындағы қызметке дайын жаңа буын кәсіби мамандарын қалыптастыруға ықпал етеді. Осылайша, бағдарлама еңбек нарығының заманауи сұраныстарына жауап беретін өзекті әрі бәсекеге қабілетті білім беруді қамтамасыз етеді.

бағдарлама туралы толығырақ
Кәсіби қызметтің түрлері

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет:

  • креативті өнер индустриясы саласындағы ұйымдардың қызметін ұйымдастыруға қатысу;
  • креативті арт индустрия саласында және сандық ортада менеджмент пен маркетингті жүзеге асыру;
  • креативті индустрияларда продюсерлеу;
  • іскерлік қарым-қатынас нормалары мен құндылықтарын практикалық іске асыру туралы білімді меңгеру 

Ақпараттық-талдаушылық қызмет:

  • түрлі жобаларды іске асыру кезінде шығармашылық қызметте ақпараттық жүйелермен танысу және қолдану;
  • жобалардың тиімділігі мен сапасын бағалау;
  • ақпараттық-талдаушылық қызметтің нәтижелері бойынша есептер дайындау;
  • басқарушылық шешімдердің тиімділігін бағалау;
  • ұйымдарда дағдарыстың пайда болу қаупін болдырмау және азайту бойынша дағдыларды меңгеру;

Кәсіпкерлік қызмет:

  • жаңа бизнес құрудың бизнес-жоспарларын әзірлеу;
  • шоу-бизнес саласында кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру;
  • іс-шараның бюджетін жасау және есептеу;
  • бағалау қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарды білу;
  • авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамалардың негізгі ережелерін білу;

Көркемдік және шығармашылық қызмет:

  • мәдениет және өнер мекемелерінде, мәдениет және демалыс саябақтарында, демалыс орталықтарында, қосымша білім беру мекемелерінде көркемдік-шығармашылық қызметті ұйымдастыру;
  • шығармашылық сектор ұйымдарының көркемдік-шығармашылық қызметінің мақсаттары мен басымдықтарын әзірлеу
Оқыту нәтижелері
  • Өнердің негізгі түрлерін, жанрлары мен стильдерін, оның дамуының негізгі үрдістерін, сондай-ақ перформативтік практиканың тарихы мен қағидаларын қолдану. Мәдениеттегі өнер функциясын және оның философиямен байланысын түсіну.
  • Арт-индустриядағы медиа-стратегиялардың қағидалары туралы білімді қолдану, аудитория мен трендтерді талдау. Сценарийлер, мәтіндер әзірлей білу, жобаларды басқара білу, сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеу, арт-коммуникация және денені басқару техникаларын қолдана білу. Жобаларды сандық форматта таныстыру және медиажоспарларды әзірлеу.
  • Жобалық құжаттаманы әзірлеу, жобаларды басқару және продюсерлеу қағидаларын түсіну. Жобалардың тиімділігін бағалау, маркетингтік және продюсерлік стратегияларды әзірлеу. Бәсекеге қабілетті арт-брендтер мен бизнес-шешімдер жасай отырып, нарық трендтеріне бағдарлану.
  • Арт-саладағы сандық медиаиндустрия мен сандық контенттің негізгі тұжырымдамалары мен қазіргі заманғы үрдістерін түсіндіру. Медиа және өнерде сандық контентті жасау және тарату процестерін, сондай-ақ медиа және арт-индустрияларды трансформациялаудағы сандық технологиялар мен платформалардың рөлін түсіну.
  • Интернетте, әлеуметтік медиада ілгерілету және сату, лидогенерация құралдары, SEO – оңтайландыру, конверсияны арттыру, сондай-ақ брендтерді құру, ілгерілету, орналастыру және кеңейту процесін тиімді басқару дағдыларын қоса алғанда, өнер саласындағы сандық маркетингтің негізгі құралдары мен жабдықтарын білуді көрсету
КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕР (HARDSKILLS)
  • Эстетикалық, мәдени және әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, тарихи дамудан бастап қазіргі заманғы перформативтік практикаға дейінгі өнердегі негізгі құбылыстар мен үрдістерді талдау және түсіндіру қабілеті. Дәстүрлер мен жаңашылдық тәсілдердің өзара әрекеттестігін сыни тұрғыдан түсіну, сондай-ақ өнердің қоғамдық процестерге және мәдени құндылықтардың өзгеруіне әсерін бағалау біліктілігі
  • Өнер және креативті индустриядағы кәсіби қызмет туралы білімді психологиялық аспектілермен біріктіру қабілеті. Жобаларды тиімді басқару және инновациялық шешімдерді әзірлеу үшін креативті ойлау және өнерді қабылдау ерекшеліктерін есепке алу қабілеті. Психологияның шығармашылық процестерге және өнер туындыларымен өзара іс-қимылға әсерін талдау
  • Шығармашылық жобаларды жасауды, жылжытуды және таратуды ұйымдастыруды және үйлестіруді қоса алғанда, музыка, театр және кино индустриясындағы жобалар мен ресурстарды тиімді басқару қаблеті. Мәдени және ойын-сауық бастамаларының табысты жұмыс істеуі мен дамуының стратегияларын әзірлеу, сондай-ақ театр мен кино менеджменті шеңберінде ұжым мен ресурстарды басқару
Біздің білім беру бағдарламамызға түскіңіз келе ме?
Қабылдау