Сайт бойынша іздеу
ТҰРҒЫН ҮЙ

4 қабаттан тұратын тұрғын үй академиянің білім алушыларына арналған. Жалпы сыйымдылығы – 416 орын. Бөлме дизайны ұлдарға да, қыздарға да арналған және оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес жасалған. Тұрғын үй бөлімдері 2 жатын бөлмеден тұрады, олардың әрқайсысында 3 кереует бар. Әр бөлімде 2 санитарлық торап, 3 раковина және 2 оқшауланған душ бар. Студенттерге арналған секциялар 2 орынға арналған. Сонымен қатар, әр оқушыға жұмыс үстелі, шкаф, төсек үстелі бөлінген.

Балаларға арналған бос уақытты белсенді өткізу үшін теледидар, проектор, фортепианомен жабдықталған ойын бөлмесі бар. Мұнда балалар ойнап, кітап оқып, мультфильмдер тамашалап сабақтан тыс бос уақытын өткізе алады. Сондай-ақ сабақ оқуға немесе Интернеттен қажетті ақпаратты табуға болатын өзін-өзі даярлау сыныбы бар.