Сайт бойынша іздеу
Академия студенті РҒЗЖ республикалық байқауында жүлделі орын иеленді

6В02111 – «Балетмейстерлік өнер» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Амирбеков Рустем Мейрамбекұлы Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде өткен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық байқауына (РҒЗЖ) қатысты.

Байқауға «Болашақ балетмейстерді кәсіби даярлаудағы хореограф Алишер Хасановтың шығармашылық және педагогикалық тәжірибесі» тақырыбындағы ғылыми жұмыс ұсынылды.

Байқау қорытындысы бойынша Амирбеков Рустем Мейрамбекұлы III дәрежелі дипломмен марапатталды.

Ғылыми жетекшісі – балетмейстерлік өнер кафедрасының меңгерушісі, профессор, өнертану кандидаты Саитова Г.Ю. Амирбеков Рустем Мейрамбекұлын және ғылыми жетекшісін жүлделі орындарымен құттықтай отырып, ғылыми және шығармашылық қызметтеріне табыс тілейміз!