Қазақ ұлттық хореография академиясының 6В02107 – «Өнертану» білім беру бағдарламасының 2 курс студенті Камила Шкибаева Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының базасында өткен «Тарихи тұрғыдан визуальды сәйкестік: зерттеудің әдіснамалық аспектілері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.
Конференция визуалды мәдениет, мәдени мұраны сақтау және оны заманауи кеңістікте ілгерілету мәселелеріне арналды. Іс-шара барысында қатысушылар өнер мен мәдениет саласындағы өзекті ғылыми зерттеу бағыттарын талқылап, ғылыми тәжірибе алмасты.
Конференцияға қатысу студенттің ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын арттырып, өнертану саласындағы кәсіби және академиялық құзыреттерін дамытуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар халықаралық ғылыми ортадағы пікір алмасу мәдени мұраны зерттеудің заманауи тәсілдерін тереңірек түсінуге ықпал етті.