Сайт бойынша іздеу
Қазақ ұлттық хореография академиясында жаңа оқу жылындағы алғашқы Science Cafe отырысы өтті. Кездесу «Өнер: оны өнер деп кім және қалай анықтайды?» тақырыбына арналды

Кездесуге Академия оқытушысы Болат Сейтмулдинович Абдрахманов жетекшілік етті. Спикерлер ретінде «Өнертану» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері Айжан Қабылданова, Камила Шкибаева және Гульназ Оспанова қатысты.

Іс-шара барысында қатысушылар өнердің мәні, оның құндылықтары және көркем туындыларды бағалау өлшемдеріне қатысты мәселелерді талқылады. Спикерлер өнерді түсінудің түрлі тәсілдерін таныстырып, өнер туралы түсініктің қалыптасуындағы мәдени контекстің, қоғамдық қабылдаудың және көркемдік құндылықтың маңызы туралы баяндады.

Іс-шараның интерактивті бөлімі студенттердің ерекше қызығушылығын тудырды. Қатысушылар үш командаға бөлініп, тақырыптық ойынға қатысты. Ойын барысында олар алған білімдерін іс жүзінде қолданып, өзекті мәселелерді талқылап, қарастырылып отырған тақырып бойынша өз көзқарастарын ортаға салды.

Кездесу қорытындысы бойынша барлық командалар естелік сертификаттармен және шағын сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, спикерлердің тыңғылықты дайындығы мен студенттердің өнер мәселелерін талқылауға деген қызығушылығын көрсетті.

Science Cafe студенттердің ғылыми-шығармашылық белсенділігін дамытуға, пікір алмасуға және ашық диалог орнатуға мүмкіндік беретін алаңға айналды.