Сайт бойынша іздеу
Құсайынов оқулары: ХХІ ғасырдағы ғылым және білім: үрдістер мен перспективалар

А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты 2025 жылдың 21 қарашасында сағат 10.00-де институттың 30 жылдығына арналған «Құсайынов оқулары: ХХІ ғасырдағы ғылым және білім: үрдістер мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференцияның ғылыми бағыттары:

  1. Қазіргі білім беру жүйесіндегі тұлғаны дамытудың өзекті мәселелері.
  2. Әлеуметтік-гуманитарлық білімнің заманауи мәселелері.
  3. Қазіргі филологиядағы жаңа зерттеулер.
  4. Шетел филологиясы, аударматану және лингводидактика: қазіргі парадигмалар.
  5. Құқықтық жүйе және қазіргі қоғам: жаңа көзқарастар мен даму перспективалары.
  6. Қазақстан экономикасының қазіргі проблемалары мен даму тенденциялары.

Электрондық жинақ конференцияға дейін шығарылатын болады.

Конференция материалдарын шығару үшін өтінім мен баяндама мәтінін 2025 ж. 15 қарашасына дейін жіберу қажет.

Тіркеу жарнасы – 2500 теңге.

Жұмыс тілдері – қазақ, орыс және ағылшын.

Конференция қатысушыларына сертификат беріледі.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ