8, 15 және 16 сәуірде Astana Opera сахнасы классикалық репертуардағы ең поэтикалық туындылардың бірі - «Баядерка» балетінің атмосферасына бөленеді. Людвиг Минкустың музыкасы мен Мариус Петипаның хореографиясы көрермендерді махаббат пен трагедия тоғысқан ежелгі Үндістан атмосферасына жетелейді.
Қазақ ұлттық хореография академиясы студенттерінің қатысуы қойылымда ерекше орын алады. 1/5 және 2/6 сыныптарының білім алушылары сахнаға шығып, «Ману» және «Арапчата» партияларын орындайды. Олар спектакльге жанды энергия, динамика және жарқын мінез сыйлайды. Бұл көріністер жұмбақ әлемді қалыптастырып, қойылымды ерекше мәнерлі етеді және көрерменге шығыс ертегісінің атмосферасына терең бойлайды.
«Балет әртісі» бағыты бойынша білім алушылар балеттің ең танымал әрі әдемі эпизодтарының бірі – әйгілі «Көлеңкелер» сахнасында өнер көрсетеді. Мұнда қимылдардың дәл синхрондылығы иллюзия мен шексіздік әсерін тудырады.
Жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберліктің артында педагогтер Г. Алиева, Л. Макарцева, Г. Сайфуллина және Л. Тазабекованың еңбегі бар. Олар шәкірттеріне күрделі хореографияны меңгертіп қана қоймай, би өнерін терең түсінуге және сезінуге көмектеседі.
Кіші буын үшін «Баядеркаға» қатысу – жай ғана қойылым емес. Бұл – білім алушылардың өздерін сахна әртісі ретінде нағыз сезінетін маңызды сәті.
Мақала авторы: Ильгиз Мухамбетов