Сайт бойынша іздеу
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер онкүндігі

2025 жылғы 6–17 қазан аралығында кәсіптік білім беру мектеп-колледжінде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер онкүндігі өтті. Онкүндік барысында математика, физика, химия, биология, ӘТДП, информатика және география пәндерінің оқытушылары ашық сабақтар, викториналар мен танымдық іс-шаралар ұйымдастырды. Онкүндіктің мақсаты – білім алушылардың жаратылыстану-математикалық пәндерге деген қызығушылығын арттыру, зерттеушілік және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Оқушылар ерекше қызығушылықпен «Сандар лабиринті», «Көңілді математика сағаты», «Сусындардың пайдасы мен зияны» және «Брейн-ринг» атты интеллектуалдық ойындарға қатысты. Онкүндік барысында оқушылардың пәнге деген мотивациясы артып, жеке әлеуетін ашуға және ғылымның адам мен қоғам өміріндегі рөлін түсінуге мүмкіндік туды.