Қазақ ұлттық хореография академиясына Корея Республикасының делегациясы келді.
Олардың құрамында «Lira Ballet Academy» балет мектебінің педагогы және Пусан университетінің студенттері бар, олар «Lira Ballet Academy»-де бір уақытта білім алып, академиялық дайындықты Кореядағы балет мектебіндегі тәжірибемен үйлестіру мүмкіндігіне ие.
9 -14 ақпан аралығында қонақтар Академияда болып, кәсіби білім беру мектеп-колледжінің жетекші педагогтарының жетекшілігімен классикалық және халық-театрлық би бағыттары бойынша тағылымдамадан өтіп, шеберлік сабақтарына қатысады.
Қонақтар үшін елорданың басты көрікті жерлерін және мәдени нысандарын аралауды қамтитын бай мәдени және білім беру бағдарламасы дайындалған. Мұндай сапар халықаралық ынтымақтастыққа жаңа мүмкіндіктер ашады және елдер арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға септігін тигізеді.
Айта кетерлігі, бұл маңызды оқиға Қазақстан мен Корея Республикасы арасындағы хореографиялық өнер саласындағы алғашқы ірі өзара іс-қимыл болып табылады.
Академия ректоры Бибігүл Нүсіпжанова құттықтау сөзінде одан әрі ынтымақтастық пен өзара байланыстарды кең форматта және тұрақты негізде дамытуға үміт білдірді.
Кореялық қонақтар да студенттердің жоғары дайындық деңгейін және Академияның ынтымақтастыққа ашық екенін атап өтіп, педагогикалық құрамның кәсібилігін, білім беру базасының байлығын, жоғары беделін, заманауи оқу әдістемелерін, бірегей практикалық мүмкіндіктерін және мәдени әрі білім беру саласындағы бастамалардың ауқымдылығын жоғары бағалады.