2025 жылдың 3 желтоқсанында Қазақ ұлттық хореография академиясының кітапханасында 8 «А» сынып оқушылары арасында ерекше әрі креативті «Құндылықтар ағашы» атты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында әр оқушыға кітап беріліп, олар сол шығарманың басты кейіпкерлерін сипаттап, олардың ішкі адамгершілік қасиеттерін анықтауы керек болды. Құндылықтар ағашына оқушылар мейірімділік, батылдық, адалдық, жауапкершілік және жанашырлық сияқты қасиеттер жазылған алмалар мен жапырақтардың суреттерін орналастырды.
Бұл іс-шара жасөспірімдердің әдеби кейіпкерлерді тереңірек түсінуіне, сондай-ақ өздерінің өмірлік құндылықтары туралы ойлануына мүмкіндік берді. Кітапханадағы атмосфера шығармашылық пен шабытқа толы болды.