Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Үздік жас ғалым–2025» республикалық байқауы Астана қаласында «Bilim órkenieti» инновациялық ғылыми-зерттеу ұлттық орталығы тарапынан ұйымдастырылды.
Байқау қорытындысы бойынша «Өнертану» білім беру бағдарламасының 2-курс докторанты Саида Саттыбаева I дәрежелі республикалық дипломмен, лауреат куәлігімен, «Үздік жас ғалым» статуэткасымен және медалімен марапатталды. Сонымен қатар, ғылыми жетекшісі Гульнара Джумасеитоваға алғыс хат табысталды.
Байқау жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін дамытуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға, Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдары мен ғылыми орталықтар зерттеушілері арасында тәжірибе алмасуға, сондай-ақ инновациялық идеяларды қолдауға және отандық ғылым мен білімнің дамуына үлес қосуға бағытталған.