2026 жылғы 20 қарашада Қазақ ұлттық хореография академиясында «Temps lié» кәсіби хореографиялық оқу орындарының IV Халықаралық фестивалі аясында «Би бірлігі: әлемдік хореографиялық мектептердің даму болашағы» атты халықаралық форум өтті.
Форум әртүрлі елдердің жетекші хореографиялық оқу орындарының басшылары мен өкілдерін біріктіріп, кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және хореографиялық білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған халықаралық алаңға айналды.
Қатысушылар ұлттық хореографиялық дәстүрлерді сақтау, классикалық балет мектебінің сабақтастығын қамтамасыз ету, болашақ балет әртістерін даярлауға арналған білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, академиялық алмасуға және бірлескен білім беру мен шығармашылық бастамаларды жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.
Форум жұмысына Қазақ ұлттық хореография академиясының ректоры Бибігүл Нусипжанова, Бейжің би академиясы партия комитеті хатшысының орынбасары Дун Пин (Қытай), Венгрия мемлекеттік операсының құрметті өмірлік мүшесі Дьюла Харангозо (Венгрия), Борис Эйфман атындағы Би академиясы көркемдік жетекшісінің орынбасары Ольга Красильникова (Ресей), хореограф әрі педагог Ирма Кардано (Италия), Sofia Ballet Academy көркемдік жетекшісі Мичиё Косака (Жапония), Мемлекеттік хореография академиясының ректоры Шухрат Тохтасимов (Өзбекстан), Моңғолия мемлекеттік консерваториясының классикалық би бөлімінің жетекшісі Мунгунхулуг Халзай (Моңғолия), А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің директоры Ая Калиева (Қазақстан), Бразилиядағы Үлкен театр мектебінің бас директоры Павел Казарян (Бразилия), Ч. Базарбаев атындағы Бішкек хореографиялық училищесінің директоры Әділет Тоқтағазиев (Қырғызстан), сондай-ақ А. Фодор атындағы хореографтар мен би оқытушыларын даярлау институтының директоры Тамаш Тополянски (Венгрия) қатысты.
Кездесудің маңызды қорытындыларының бірі халықаралық білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қою рәсімі болды. Форум аясында үш әріптестік келісім бекітілді. Олардың тараптары:
Құжаттарға қол қою халықаралық кәсіби диалогтың нақты нәтижесі және хореографиялық оқу орындары арасындағы байланыстарды нығайту жолындағы маңызды қадам болды. Қол жеткізілген уағдаластықтар алдағы уақытта өзара іс-қимылды кеңейтуге, кәсіби тәжірибе алмасуға және халықаралық білім беру бастамаларын дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашады.