16 қыркүйекте Академияның Мәжіліс залында академиялық ұтқырлық мәселелеріне арналған ақпараттық кездесу өтті.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасы студенттерге еліміздің және шетелдің жетекші университеттерінде білім алуға зор мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама академиялық және мәдени көкжиегін кеңейтіп, халықаралық тәжірибе мен жаңа білім алуға жол ашады.
Кездесуде Халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Малика Абдумаликқызы Найзабекова академиялық ұтқырлықты реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық актілермен, сондай-ақ бағдарламаға қатысу ережелері мен талаптарымен таныстырды.
Академиялық ұтқырлық бойынша байқаудың басталуы туралы ресми ақпарат Академия сайтында жарияланған.
Кездесу соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.