Академияда Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауындағы негізгі тезистерді талдауға арналған ақпараттық кездесу өтті. Іс-шараның спикері – өнертану және арт-менеджмент кафедрасының доценті Балабек Сақтағанов.
Өз сөзінде Балабек Кеніштайұлы өз сөзінде ел дамуының басым бағыттарын жан-жақты атап өтіп, мәдени менеджмент пен жасанды интеллектті қоса алғанда, заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударды. Ол Әділетті әрі өркендеген Қазақстанды құруда жастардың белсенді рөлінің маңыздылығын атап өтті.
2025–2026 оқу жылына арналған жастар мен профессор-оқытушылар құрамының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында Академияда адалдық пен академиялық шыншылдыққа арналған Бірыңғай сағат өткізілді.
Іс-шара барысында Академияның комплаенс-офицері – Каирбекова Магрифа Ракишевна сөз сөйлеп, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, білім беру ортасындағы этикалық нормалар мен құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығын түсіндірді.
Кездесу қатысушылары маңызды бастамаларды талқылап, сұрақтар қою арқылы ел дамуының міндеттері мен болашағын тереңірек түсінуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ, бұл іс-шара академиялық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы этиканы нығайтуға ықпал етті.
Мұндай іс-шаралар жастардың патриоттық сезімін, жауапкершілігін және адалдығын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Олар жастарды қоғам өміріне белсенді араласуға және ұлттық мақсаттарды жүзеге асыруға ынталандырады.