Қазақ ұлттық хореография академиясының «Арт-менеджмент» және «Креативті өнер индустриясы» білім беру бағдарламалары студенттерінің арасында Global Coffee кофе желісінің франчайзинг директоры Нурлан Дюсембаевпен «Жобаны сәтті ететін жүйелілік, келіссөздер және UNIT-экономика» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесу интерактивті форматта өтті: әрбір студент спикердің сұрақтарына жауап беріп, сол арқылы белгілі бір тақырыпты жан-жақты талқылауға қатысты.
Кездесу тақырыбына келсек, жоба табысты болу өзі-өзі болған нәрсе емес екендігін атап өтуге болады — ол үш негізгі тірекке негізделеді: жүйелілік, келіссөздер және UNIT-экономиканы түсіну.
Жүйелілік тәртіпті қамтамасыз етеді: нақты құрылым, процестер, метрикалар және жауапкершілік болған кезде команда жобаның қай бағытта жүргенін және прогресті қалай өлшеу керектігін түсінеді. Бұл тұрақты өсудің негізі. Шығар¬машыл адамдар үшін өз ісінде табысқа жету үшін жүйелілікті меңгеру өте маңызды.
Келіссөздер барлық қатысушылар — клиенттер, серіктестер, инвесторлар және команда — мүдделерін келістіруге мүмкіндік береді, олардың сұраныстарын және пікірлерін ескеруге мүмкіндік береді. Эмоциялық интеллектті қолдана білу, тыңдау, келісу және өзара тиімді шешімдер табу тәуекелдерді азайтады және шешім қабылдауды жеделдетеді. Сонымен қатар бұл манипуляцияға немесе негативті ықпалға ұшырауды болдырмау үшін де маңызды дағдылар. UNIT-экономика шығармашылықты тұрақты бизнеске айналдырады. Ол әрбір өнім немесе клиент бірлігі қаншалықты пайдалы екенін көрсетеді және масштабталуды «сүрінбей», саналы жоспармен жүзеге асыруға көмектеседі.
Осы үш элемент біріккенде, жобаға берік негіз: стратегия, коммуникация және қаржылық тұрақтылық ¬– демек, ұзақ мерзімді табысқа нақты мүмкіндік пайда болады. Шығармашылық ортада бұл бәрі жоғары нәтижелерге жету үшін де маңызды.»