2026 жылғы 20 наурызда Бухарест қаласындағы «Йон Дачиан» атындағы ұлттық оперетта және мюзикл театрының сахнасында көктем мерекесі – Наурызға арналған Қазақ ұлттық хореография академиясының «When the Steppe Awakens: Nauryz in Dance» атты гала-концерті өтеді. Қазақстанның болашақ өнер иелерінің дарынды жас өкілдері румын көрермендеріне әлемге әйгілі балет қойылымдарынан үзінділерді, сондай-ақ заманауи шетелдік хореографтардың шығармаларын ұсынады.
Концерттік бағдарлама классикалық, ұлттық және заманауи хореографияның жарқын нөмірлерінен тұрады. Атап айтқанда: Р. Дригоның «Раушан гүлі мен көбелектің романы» Василий Медведевтің хореографиясы, Л. Минкустың «Пахита», П. Чайковскийдің «Щелкунчик», Г. Левенсхольдтың «Сильфида» балеттері, сондай-ақ Анвара Садыкова мен Алмат Шамшиевтің хореографиясындағы «Ақбаян» және «Жолбарыс жүрек» ұлттық билері, «Хассак» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің заманауи аранжировкасындағы халық музыкасы, Ференц Листың музыкасына жазылған Булат Аюхановтың хореографиясы, қазақстандық классика «Махаббат елестері», сондай-ақ Като Накао хореографиясына қойылған И.С. Бахтың «Inside» заманауи нөмірі.
Бағдарламаның арнайы қонағы – халықаралық байқаулардың лауреаты, сопрано Лаура Али, ол көрермендерге классикалық және ұлттық репертуардағы шығармаларды ұсынады.
Бұл сапар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Республикасының Румыниядағы Елшілігінің және бас демеуші «Rompetrol KMG International» компаниясының жан-жақты қолдауының арқасында жүзеге асырылады.
Ректор – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бибигуль Нусипжанова
Көркемдік жетекші – Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмуратова