Сайт бойынша іздеу
Қазақ ұлттық хореография академиясы «Таза Қазақстан» бастамасын қолдады

Бүгін еліміз бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» бастамасы аясында кең ауқымды экологиялық акция өтті. Осы шараға Академия ұжымы да өз оқу орнының аумағында белсенді қатысып, қолдау көрсетті.

Акцияның басты мақсаты — экологиялық жағдайды жақсарту, аумақтарды абаттандыру және елді мекендерді қысқы маусымға дайындау болды.

Іс-шараға Академия басшылығы да қатысып, өз үлгісімен қоршаған ортаға ұқыпты қарау мен тазалықты сақтаудың маңыздылығын көрсетті.

Академияның қатысуы ортақ іске маңызды үлес болып, оқу орнының жоғары деңгейдегі экологиялық жауапкершілігін айқын көрсетті.