2026 жылғы 20 мамырда Қазақ ұлттық хореография академиясының оқу театрында Академияның шығармашылық және оқу қызметінің маңызды бөлігіне айналған білім алушылардың сыныптық жұмыстар концерті өтті.
Концерттік бағдарлама кәсіби хореографиялық білім берудің түрлі сыныптарында оқитын білім алушылардың өнерін біріктірді. Екі бөлімнен тұрған концертте әйгілі классикалық балеттерден үзінділер мен вариациялар, сондай-ақ Академия оқытушыларының хореографиялық композициялары мен қойылымдары ұсынылды.
Сыныптық жұмыстар концерті – білім алушыларға күнделікті еңбектің нәтижесін, кәсіби өсуді және шығармашылық әлеуетті тағы бір мәрте көрсетуге, сондай-ақ болашақ балет әртістерін даярлаудағы педагогтер мен концертмейстерлердің маңызды рөлін дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Іс-шара классикалық хореографиялық өнер дәстүрлерінің сабақтастығы, шабыт пен шығармашылық атмосферасында өтті.