«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығымен бекітілген.
Конкурсқа қатысу үшін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлердің құжаттары universitycontest2026.kz сілтемесі бойынша жүйеде (бұдан әрі – жүйе қабылданады.
Конкурстың I кезеңі 2026 жылғы 5 қарашадан бастап 2026 жылғы 18 қараша сағат 18:00-ге дейін жалғасады.
Конкурстың I кезеңіне қатысу үшін ЖОО-ның штаттық оқытушылары қатарынан үміткерлер жүйе арқылы келесі құжаттарды тапсырады:
Конкурстың I кезеңі бойынша апелляция беру мерзімі 2026 жылғы 19-20 қараша аралығында өткізіледі.
Байқаудың II кезеңі 2026 жылғы 1 желтоқсаннан бастап 2026 жылғы 12 желтоқсанға дейін жалғасады.
Сонымен қатар, жүйені қолдану бойынша нұсқаулық universitycontest2026.kz сілтемесі бойынша орналасады.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда g.zailashova@sci.gov.kz электрондық поштасына жолдауды немесе (87172) 74-22-84 нөміріне хабарласуды сұраймыз.