Сайт бойынша іздеу
Академия студенттері мен педагогтері үшін киберқауіпсіздік бойынша дәріс

2025 жылғы 6 қарашада Астана қаласының Жастар саясаты басқармасының бастамасымен Қазақ ұлттық хореография академиясында студенттер мен профессор-оқытушылар құрамы үшін киберқылмыстық әрекеттерге, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл мәселелері және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету тақырыптарында дәріс өтті.

Іс-шарада спикерлер ретінде Полиция департаментінің өкілдері сөз сөйледі: патрульдік полиция полкінің рота командирінің орынбасары, полиция майоры Дидар Дайырбеков, Астана қаласы Полиция департаментінің киберқылмыстық әрекеттерге қарсы бөлім басшысы, полиция майоры Багдаулет Оспанбаев.

Кездесу барысында спикерлер аудиторияға тақырыптық бейнематериалдар, сондай-ақ киберқылмыстық әрекеттер мен экстремистік сипаттағы қылмыстардың таралу статистикасы мен талдауын ұсынды. Статистикаға сәйкес, Қазақстан аумағында осы саладағы қылмыс деңгейі тұрақты түрде өсіп келеді.

Мамандардың пікірінше, экстремизм мен кибершабуылдарға қарсы ең тиімді жол – бұл қоғамды аталған тақырыптар бойынша уақтылы және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету.