2026 жылғы 19–21 мамыр аралығында Астанада мәдениет, өнер, білім беру саласының өкілдерін, бизнес қауымдастық пен халықаралық сарапшыларды біріктірген «Мәдениет және инновациялар» республикалық форумы өтті.
Форум цифрландыру, жасанды интеллектті енгізу, заманауи басқару тәсілдері және мәдениет мекемелерінің жаңа жұмыс форматтары мәселелерін талқылауға арналған кәсіби алаңға айналды. Бағдарлама аясында пленарлық сессиялар, салалық пікірталастар, білім беру интенсивтері және жобаларды қорғау өтті.
Қатысушылар кітапхана, музей және театр-концерт салаларын дамыту, сондай-ақ мәдени іс-шараларды техникалық қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Форум жұмысына халықаралық спикерлер, ірі компаниялардың өкілдері және креативті индустрия мамандары қатысты.
Аталған форумда Қазақ ұлттық хореография академиясының «Арт-менеджмент» білім беру бағдарламасының он бес білім алушысы волонтер ретінде қызмет атқарды.
Форум «Астана Балет» театрының сахнасында өткен Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мерекелік гала-концерт және марапаттау рәсімімен қорытындыланды.