Құрметті бакалавриаттың студенттері!
2025-2026 оқу жылының күзгі семестріне екіжақты келісімдер бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаймыз. Конкурсқа республикалық бюджет қаражаты есебінен (тек мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын Қазақстан Республикасының азаматтары үшін) мынадай талаптарға сәйкес келетін студенттер қатыса алады:
• бакалаврлар үшін кемінде 60 ECTS кредитін меңгерген (әдетте 2-3 курс студенттері);
• GPA (Grade Point Average (Грейд Пойнт Авередж) 2.8 баллдан бастап болуы қажет
• қабылдаушы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) көздеген деңгейде шет тілін білу;
• құжаттарды тапсыру кезінде тәртіптік жазаға тартылмау.
Академиялық ұтқырлыққа құжаттарды өз қаражаты есебінен тапсыратын студенттер келесі талаптарға сай болуы керек:
• GPA (Grade Point Average (Грейд Пойнт Авередж) от 2.8 баллдан бастап болуы қажет;
• ЖЖОКБҰ қабылдаушы көзделген деңгейде шет тілін білу;
• құжаттарды тапсыру кезінде тәртіптік жазаға тартылмау;
• Академияда төлем қарыздары жоқ.
Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі: 20.04.2025, Астана уақыты бойынша сағат 15.00.
ОҚУ БІТІРЕТІН КУРСТЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛМАЙДЫ.
Байқау екі кезеңнен тұрады: I кезең – құжаттарды қабылдау Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер Академия кеңсесіне келесі құжаттарды тапсырады:
II кезең – үміткерлермен әңгімелесу
Сұхбаттың күні мен уақыты қосымша хабарланады. Конкурс мәселелері бойынша консультацияларды халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөлімі (473, 474 каб) жүргізеді. Іріктеу кезеңінің нәтижелері туралы ақпарат Академияның сайтында орналастырылады.
Студентті академиялық ұтқырлық бойынша оқыту туралы түпкілікті шешімді қабылдаушы ЖОО шығарады.
Халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөлімі Оқу корпусы, 473, 474 каб. Тел: +7 7172 790 869