Құрметті бакалавриат студенттері! 2025-2026 оқу жылының көктемгі семестріне екіжақты келісімдер аясында академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлаймыз. Республикалық бюджет қаражаты есебінен байқауға (тек мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын ҚР азаматтары үшін) келесі талаптарға сай студенттер қатыса алады:
Өз қаражаты есебінен академиялық ұтқырлыққа қатысатын студенттер келесі талаптарға сай болуы қажет:
Өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі: 2025 жылғы 20 қараша, сағат 15:00 (Астана уақыты бойынша).
БІТІРУШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІ ҚАБЫЛДАНБАЙДЫ.
Байқау екі кезеңнен тұрады:
I кезең – Құжаттарды қабылдау
Қатысу үшін студенттер Академияның кеңсесіне келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
Оқыту тілі орыс тілі болып табылатын ЖОО үшін ағылшын тілін білу сертификаты талап етілмейді. Қабылдаушы тараптың басқа талаптары болған жағдайда, сол талаптар ескеріледі;
II кезең – Үміткерлермен әңгімелесу.
Сұхбаттың уақыты мен күні қосымша хабарланады.
Конкурс бойынша консультацияларды Халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөлімі (473, 474 каб.) жүргізеді.
Іріктеу кезеңінің нәтижелері туралы ақпарат Академияның сайтында орналастырылады. Студентті академиялық ұтқырлық бойынша оқыту туралы түпкілікті шешімді қабылдаушы ЖОО қабылдайды.
Халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөлімі
Оқу корпусы, 473, 474 каб. Телефон: +7 7172 790 855
Малика Абдумаликовна Найзабекова