Сайт бойынша іздеу
ЮНЕСКО Жастар хакатоны 2026-ға өтінім қабылдау басталды!

ЮНЕСКО Жастар хакатоны 2026 – әлемнің түкпір-түкпірінен келген 18–30 жас аралығындағы жастарға арналған халықаралық хакатон.

Егер сізді медиа, цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, жалған ақпаратпен күрес және сыни ойлауды дамыту қызықтырса – қатысуға шақырамыз!

Қатысушылар командалар құрамында медиа және ақпараттық сауаттылық саласында инновациялық шешімдер әзірлейді. Бұл шешімдер цифрлық ортаны қауіпсіз, инклюзивті және жауапты етуге бағытталады.

Қатысушыларды не күтеді?

  • Халықаралық сарапшылардың қатысуымен тегін онлайн-менторлық бағдарлама (1–2 шілде);
  • Командалық жұмыс;
  • Жеңімпаздар Грекияда өтетін Еуропалық журналистика және БАҚ бостандығы фестиваліне шақырылып, өз жобаларын халықаралық қауымдастыққа таныстыру мүмкіндігіне ие болады.

Өз идеяларыңызды халықаралық деңгейде таныстырып, жауапты цифрлық ортаны дамытуға үлес қосу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!

Толығырақ ақпарат: https://www.unesco.org/en/articles/unesco-youth-hackathon-2026