Сайт бойынша іздеу
Мектеп білім алушыларының ата-аналарына арналған жадынама

Құрметті ата-аналар мен білім алушылар!

Коронавирустың таралуына қарсы күрес шараларын күшейту жағдайында 2020 жылдың 6 сәуірінен бастап “Қазақ ұлттық хореография академиясы” КАҚ кәсіптік білім беру мектеп-колледжі қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып қашықтықтан оқытуға көшеді.

Қашықтықтан оқыту – бұл мұғалім/оқытушы мен білім алушылардың оқу процесіне тән компоненттерді көрсететін және интернет-ресурстар (ZOOM, электрондық күнделіктер, электрондық пошта, WhatsApp-чаттар және т.б.) және ТВ-сабақтар арқылы жүзеге асырылатын ара қашықтықта өзара әрекеттестігі.

Академия ТВ-сабақтар кестесіне сәйкес білім алушылардың сабақ кестесін құрастырып, 2020 жылдың 4 сәуіріне сабақ кестесі Академияның интернет-ресурстарында орналастырылады, сондай-ақ сынып жетекшілері арқылы сізге хабарланады.

Ата-аналар мен балаларға арналған қашықтықтан оқыту бойынша жадынама:

– сабақтар қатаң бекітілген уақыт бойынша өткізіледі (кесте бойынша бақылау);

– компьютер (телефон, планшет) зарядының толық болуы керек, кештен бұл туралы қамданыңыз;

– оқыту оқу үшін арнайы бөлінген орында жүргізіледі;

– балалар таза, шаш үлгісі жинақы, ұқыпты киінген болу керек (пижамада, халатта емес т.б.), арнайы сабақтар кезінде білім алушылар Академия талаптарына сәйкес балет формасында киінуі тиіс. Қыздардың шашы жиналған болуы тиіс;

– сабақ кезінде бөлмеде ұйыған тыныштық болуы керек, бөтен дыбыстарды өшіріп, басқа балалардың, үй жануарларының бөлмеде болуын болдырмау қажет;

– сабақ кезінде балалар бөлмеден шықпауы, тамақ ішпеуі, бөтен заттарға алаңдамауы, онлайн-сабақтан шықпауы тиіс;

– егер мұғалім/оқытушы сұрақ қойса, қолын көтеріп жауап беруге болады;

– оқушы мұғалімнің/оқытушының нұсқауларын нақты орындауы тиіс;

– мұғалімге/оқытушыға сабақты түсіндіру аяқталғаннан кейін ғана сұрақ қоюға болады, яғни ол туралы мұғалім/оқытушы сұрағанда;

– сабақты түсіндіру кезінде ата-аналар мен балаларға чатқа жазуға тыйым салынады, дыбыс болмаған және балаға естімілмеген жағдайды қоспағанда;

– сұраққа жауап берген кезде балаға орнынан тұру қажет емес;

– сабақты суретке түсіруге, бейнеге түсіруге және әлеуметтік желілерге таратуға тыйым салынады;

– ата-аналарға сабақ барысына араласуға қатаң тыйым салынады;

– баланың сабақта қатысуы үшін ата-ана жауап береді.

Білім алушылардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) : – жалпы білім беретін және арнайы пәндер бойынша оқыту үшін жағдай жасау; – онлайн сабаққа кешікпей, уақытылы қосылуға көмектесу және қадағалау; – сабақ кестесімен танысу; – онлайн-сабақтарға қатысуды бақылауды жүзеге асыру; – балаға өз бетімен оқу үшін оқу материалдарын алу үшін жеке кабинетке электронды күнделікке, электрондық поштаға және басқа да байланыс жүйелері мен технологияларына (WhatsApp-чаттарға) кіруге көмектесу; – білім алушылардың үй тапсырмаларын орындауын бақылауды жүзеге асыру; – сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен байланыс орнату.

Білім алушы:

– қол жетімді байланыс құралдары (электрондық күнделіктер, электрондық пошта, WhatsApp-чаттар және т. б.) арқылы онлайн-сабақтардың кестесімен, тақырыптарымен, мазмұнымен танысады;

– күн сайын кестеге сәйкес ТВ-сабақтарының трансляциясын, сондай-ақ пән мұғалімі көрсеткен барлық қол жетімді электрондық платформаларды қарауға міндетті.;

– Академиямен орнатылған қол жетімді байланыс құралдары (электрондық күнделіктер, электрондық пошта, WhatsApp-чаттар және т. б.) арқылы күн сайын тапсырмаларды өз бетінше орындайды;

– сынып жетекшісімен және пән мұғалімдерімен, арнайы пәндер оқытушыларымен күнделікті байланыста болады; – пән мұғалімі немесе арнайы пәндер оқытушысы түсініктемесінен кейін қателерді орындайды;

– күн сайын электрондық күнделіктегі жеке кабинетке, электрондық поштаға және басқа да байланыс жүйелері мен технологияларына (WhatsApp-чаттар) өздігінен оқу үшін оқу және материалдарын алу үшін кіреді;

– мұғалімдердің/оқытушылардың талаптарына сәйкес орындалған тапсырмаларды сканерлеп немесе фото бейнеге түсіріп педагогке қол жетімді байланыс құралдары (электрондық күнделіктер, электрондық пошта, WhatsApp-чаттар және т. б.) арқылы күн сайын жібереді;

– оқу тапсырмаларын орындау кезінде Академиялық адалдық ережелерін және өзін-өзі бақылау қағидаларын сақтайды; – қосымша электрондық білім беру ресурстарын пайдаланады.

Ата-аналарды қалыптасқан жағдайға түсіністікпен қарап, өз балаңызға оқу материалын меңгеруге, мұғалімге/оқытушыға қажетті байланыс орнатуға және қажетті нәтижелерге бірге қол жеткізуге көмектесуіңізді сұраймыз.

Қашықтықтан оқыту жағдайында білім алушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері) үшін онлайн психологиялық қолдау, кеңес алуға болады. Педагог-психолог Байтукова Баян Оразғалиқызы, байланыс мәліметтері: WhatsApp – 8 701 455 5878