Сайт бойынша іздеу
Жаңа оқу жылындағы алғашқы Science Café

26 қыркүйек күні Академияда жаңа оқу жылындағы алғашқы Science Café өтті.

«Арт-менеджмент» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері, студенттік ғылыми қоғамның (СҒҚ) белсенді мүшелері Диана мен Інкар аушыларға қызықты тақырып ұсынды: «Versace Phenomenon: маркетингтегі арбау өнері».

Кездесу барысында олар Versace сән үйінің феноменін талқылап, бренд эстетика, провокация және арбау өнерін маркетингтік стратегияларда қалай қолданатынын түсіндірді. Сондай-ақ мәдени кодтарды қалыптастырудағы маркетингтің рөліне мысалдар келтірді.

Кездесу жылы әрі интерактивті атмосферада өтті. Студенттер, магистранттар мен оқытушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, пікір алмасты.

Science Café Академияда интеллектуалды диалог, шығармашылық ой алмасу және ғылыми шабыт алаңы болып қала бермек.