Қазақ ұлттық хореография академиясының оқу театры сахнасында Мұғалімдер күніне арналған мерекелік концерт өтті. Концерт бағдарламасына әлемдік классикалық мұрадан алынған жарқын хореографиялық қойылымдар енді: Академия тәрбиеленушілері мен тағылымдамадан өтіп жатқан шетелдік студенттердің орындауындағы «Пахита», «Корсар», «Дон Кихот» балеттерінен вариациялар.
Іс-шара барысында нәзік те әсерлі вальс пен эмоцияға толы, көркем ұлттық билер орындалды. Әрбір қимылдан білім алушылардың кәсіби шеберлігі, әртістік қабілеті мен харизмасы анық байқалды.
Мерекелік шара барша ұстаздарға деген алғыс пен құрметтің жарқын көрінісіне айналды.
Құрметті ұстаздар! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің даналықтарыңыз, мейірімдеріңіз бен өз істеріңізге деген адалдықтарыңыз жаңа ұрпақты шабыттандыра берсін. Еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағалансын!
Ұстаздар күнімен!