Биыл еліміздің Ата Заңының қабылданғанына 30 жыл толып отыр. 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданған Конституция – Қазақстанның егемендігін, ұлттық бірлігін, демократиялық дамуын және құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуын айқындайтын тарихи құжат.
Ата Заңымыз – әрбір қазақстандықтың құқығы мен бостандығына кепілдік беретін, заң үстемдігін қамтамасыз ететін, елдің тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі. Осы жылдар ішінде Конституция мемлекетіміздің сенімді іргетасына айналып, қоғамдық келісім мен бірліктің басты кепілі болды.
Конституцияның 30 жылдығы – бұл тек мемлекеттік мереке ғана емес, әрбір азамат үшін маңызы зор тарихи күн. Осы атаулы күнде Отанымыз – Қазақстан Республикасына бейбіт өмір, тұрақтылық пен өсіп-өркендеу тілейміз. Халқымыздың бірлігі мен елдігіміздің тұғыры нық болғай!
Мерекелеріңізбен! Ата Заңымыз әрқашан халқымызға қызмет ете берсін!