Қазақ ұлттық хореография академиясы би өнерінің тылсым әлеміне өмірін арнаған әрбір жанға шынайы алғыс пен ізгі тілегін білдіреді.
Балет – бұл сөзсіз ұғынылатын ұлы тіл, сахнадағы ерекше сұлулық пен қажырлы еңбектің үйлесімі. Ол күн сайын төзімділікті, рух күшін және өнерге деген шексіз берілгендікті талап етеді, ал орнына көрермен жүрегіне жол табатын таңғажайып сезім сыйлайды.
Біз ұлттық хореография мектебінің дәстүрін сақтай отырып, еліміздің атын әлемге паш ететін жас дарындарымызбен мақтанамыз.
Таңғажайып өнерлеріңіз баршаға шабыт сыйлап, шығармашылық жолдарыңыз әрдайым жарқын болсын!