8-9 желтоқсан күндері Қостанайда ҚХА-ның 30 жылдығына арналған Республикалық студенттік Ассамблеялар форумы өтті. Форум жұмысына Қазақ ұлттық хореография академиясының хореография факультеті деканының орынбасары Евгений Моисеев қатысты.
Екі күн бойы қатысушылар тақырыптық секцияларда жұмыс істеп, жобаларды талқылап, табысты тәжірибелерімен бөлісті. Евгений Моисеев өнер саласындағы шығармашылық, білім беру және волонтерлік бастамаларды таныстырып, студенттік Ассамблеяның мәдени бірлік пен әлеуметтік белсенділіктің орталығы ретіндегі рөлін көрсетті. Оның жобалары жоғары бағаланып, өзі ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы Әзілхановтың қолынан алғыс хатпен марапатталды.
Форумға сондай-ақ Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, «Ассамблея жастары» ұйымының көшбасшысы, елдегі жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттік ассамблеяларының басшылары қатысты.
Форум тәжірибе алмасудың, студенттік бастамаларды дамытудың және этномәдени диалогты нығайтудың маңызды алаңына айналды.