APEMS базасында «Жоғары білімнің миссиясы мен құндылықтары» тақырыбында техникалық көмек миссиясы аясында семинар өтті. Іс-шараға проректор Есентемирова Айгүл Маратовна басшылығымен Академия қызметкерлері қатысты.
Семинарды ұйымдастырушылар - жоғары білім реформасын жүзеге асыратын ұлттық сарапшылар тобы (HERE), Қазақстандағы Erasmus+ ұлттық кеңсесі және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің жоғары және қосымша білім комитеті.
Негізгі баяндамашы ретінде шақырылған Еуропалық жоғары білім кеңістігінің сарапшысы, Еуропа Кеңесі Білім департаментінің бұрынғы басшысы доктор Шур Берган сөз сөйледі. Ол 2010 жылы Қазақстанның Болон процесіне қосылуында маңызды рөл атқарды, сол кезде ел Орталық Азияда Еуропалық жоғары білім кеңістігіне (EHEA) қабылданған алғашқы мемлекет болды.
Семинар барысында келесі негізгі тақырыптар қаралды:
Семинар аяқталған соң қатысушылар модератордың жетекшілігімен практикалық тапсырма орындап, сұрақ-жауап сессиясына қатысып, іс-шараны қорытындылады.