Сайт бойынша іздеу
Ағылшын тілі курстарына шақырамыз!

Құрметті оқытушылар, қызметкерлер және студенттер!

Академияда ағылшын тілін үйренуге арналған тегін курстардың жаңа легі басталғанын қуана хабарлаймыз. Курстарды Назарбаев университетінің 2-курс студенті, «Әлем тілдері, әдебиет және мәдениет» мамандығы бойынша білім алып жатқан Аида Нурмаханова жүргізеді.

Аиданың ағылшын тілі деңгейі – C1 (жоғары деңгей), IELTS – 7.5, сондай-ақ 2 жыл оқыту тәжірибесі бар.

Сабақ форматы:

  • Деңгейі: Beginner / Elementary;
  • Сабақ түрі: топтық;
  • Жиілігі: аптасына 3 рет;
  • Ұзақтығы: 60 минут;
  • Онлайн сабақтар Google Meet платформасында өтеді;
  • Офлайн сабақтар Академияның оқу корпусында өткізіледі.

Сабақ кестесі:

  • Дүйсенбі (офлайн): 17:00–18:00;
  • Сейсенбі және бейсенбі (онлайн): 17:00–18:00.

Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөліміне хабарласуға болады (474 кабинет, оқу корпусы). Байланыс тұлғасы: Мадина Досмаганбетова, жетекші маман, телефон: 798-597.