Қазақстан Республикасы Құрылтайының Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті жанынан ғылым жөніндегі сарапшылық кеңес құрылды.
Сарапшылық кеңестің қызметі отандық ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға, ғылыми қоғамдастықтың ұсыныстарын жинақтауға және ғылым саласындағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеуге бағытталған.
Осыған байланысты Қазақ ұлттық хореография академиясы ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын ғалымдарды, профессор-оқытушылар құрамын және мүдделі мамандарды сарапшылық кеңестің жұмысына белсенді қатысуға шақырады.
Ғылыми қоғамдастықтың ұсыныстары мынадай бағыттарды қамтуы мүмкін:
Ұсыныстарды әзірлеу барысында нақты мәселені айқындап, оның өзектілігін негіздеу және шешудің ықтимал жолдарын, оның ішінде заңнамаға енгізілуі қажет өзгерістерді көрсету ұсынылады.
Ұсыныстар мен бастамаларды жолдау тәртібі: Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми сайтындағы «Қызмет» → «Сарапшылық кеңестер» бөліміне өтіп, Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетін және тиісті бағытты таңдау қажет.
Ғылыми қоғамдастық өкілдерін отандық ғылымды дамытуға және ғылыми қызметті реттейтін заңнаманы жетілдіруге бағытталған бастамаларға белсенді қатысуға шақырамыз.