Құрметті студенттер! Қазақ ұлттық хореография академиясы 2026–2027 оқу жылының көктемгі семестрінде шетелдік серіктес университеттерде білім алу үшін халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдау жалғасып жатқанын хабарлайды.
Конкурсқа Академияның Хореография факультеті мен Өнер факультетінің білім алушылары шақырылады.
Серіктес университеттер және орындар саны
Фредерик Шопен атындағы музыка университеті (Chopin University of Music)
Сабанджы университеті (Sabancı University), Erasmus+
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
Конкурстық іріктеуге төмендегі талаптарға сәйкес келетін студенттер жіберіледі:
Бітіруші курс студенттері конкурсқа қатыса алмайды.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі
Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі — 2026 жылғы 4 қараша, сағат 15:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша).
Конкурстық іріктеу кезеңдері
Конкурс екі кезеңнен тұрады:
I кезең — құжаттарды қабылдау
Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер Академияның кеңсесіне келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
II кезең — Үміткерлермен сұхбаттасу
Сұхбаттасу 2026 жылғы 6 қарашада өтеді. Өткізілу уақыты қосымша хабарланады.
Конкурс қорытындыларын шығару
Конкурстық іріктеу нәтижелері туралы ақпарат Академияның ресми сайтында жарияланады.
Студентті академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға қабылдау туралы түпкілікті шешімді қабылдаушы университет қабылдайды.
Құжаттарды тапсыру тәртібі және байланыс ақпараты
Құжаттар белгіленген мерзімге дейін Қазақ ұлттық хореография академиясының кеңсесіне тапсырылуы тиіс.
Құжаттарды Академияның кеңсесіне тапсырмас бұрын үміткерлерден құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресімделуін алдын ала тексерту үшін Халықаралық ынтымақтастық және қоғаммен байланыс бөліміне (№ 474 кабинет) жүгінулерін сұраймыз. Мекенжайы: Академияның оқу корпусы, № 473, 474 кабинеттер.
Телефон: +7 (7172) 790 855
Электрондық пошта: ir.balletacademykz@gmail.com
Барлық қызығушылық танытқан білім алушыларды конкурстық іріктеуге қатысуға және халықаралық білім беру тәжірибесін жинақтау мүмкіндігін пайдалануға шақырамыз!