2025 жылғы 25 қазанда Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері Қытайдағы Бейжің би академиясының Dance Theatre сахнасында «Сұлулық пен үйлесім: Би біліміндегі жаһандық алмасу» атты эксклюзивті көрсетілім аясында өнер көрсетеді.
Концерт Бейжің би академиясының шақыруымен және Академия мүше болып табылатын Дүниежүзілік би білім альянсының (World Dance Education Alliance) қолдауымен өтеді. Альянс бес құрлықтағы 38 елдің 70 жетекші хореографиялық оқу орнын біріктіреді.
Көрсетілім аясында студенттер П.И. Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару» балетінен Мариус Петипа хореографиясындағы Аврора мен Дезиренің па-де-де биін орындайды. Бұл нөмірді Академияның оқытушысы Светлана Кокшинова дайындады.
Іс-шара бағдарламасына әлемнің жетекші хореографтарының халықаралық шеберлік сабақтары да кіреді. Бейжің би академиясы қатысушы академиялардың студенттері арасынан қатаң іріктеу жүргізіп, Қазақстан өкілдері үздіктер қатарынан табылып, арнайы шақыртуға ие болды.
Студенттердің дайындығы Академияның көркемдік жетекшісі Алтынай Асылмұратованың мұқият жетекшілігімен өтті. Қатысушылар оның басшылығымен кәсіби шеберліктерін шыңдады.
Сапар Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауының, сондай-ақ CNPC және PetroKazakhstan компанияларының демеушілігінің арқасында мүмкін болды.